русский язык

Абат Айымбетов жаңа клубта қанша жалақы алатыны белгілі болды

Абат Айымбетов жаңа клубта қанша жалақы алатыны белгілі болды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркияның «Адана Демирспор» командасындағы жалақысы белгілі болды.

Инсайдер Ербол Қайыровтың мәліметінше, Айымбетов жылына 500 немесе 700 мың еуро шамасында жалақы алады.

Түркиялық клубпен келісімшарт бір жарым маусымға, яғни 2025 жылдың маусым айына дейін есептелген. Келісімшарт тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен жасалды.

«Адана Демирспор» 2021/22 жылғы маусымнан бері Түркия Суперлигасында өнер көрсетеді. Команда Суперлиганың 23-турынан кейін 31 ұпаймен 8-орында келеді.

Айта кетейік, Абат Айымбетов былтыр елордалық «Астана» сапында барлық турнирде 45 матч өткізіп, 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;