Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстандағы турнирге қатысуы мүмкін

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстандағы турнирге қатысуы мүмкін

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Владислав Дикиджи Мәскеудегі бақылау жарыстарынан кейін Қазақстанда өтетін «Челленджер» сериясындағы бәсекеге қатысуы мүмкін. Бұл туралы оның жаттықтырушысы Олег Татауров айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маманның айтуынша, спортшының алдағы жоспарында бірнеше жарыс бар. Алдымен Дикиджи Ресейдегі бақылау жарыстарына қатысады. Одан кейін команда Қазақстандағы жарысқа бару мүмкіндігін қарастырып отыр. Мәнерлеп сырғанаушы үшін келесі кезең Қытайдағы Гран-при болуы мүмкін.

«Алдымен Ресейдегі бақылау жарыстарына дайындаламыз, кейін Қазақстанға, одан соң Қытайдағы Гран-приге барамыз. Бірақ бұл әзірге менің жоспарым. Федерация қандай шешім қабылдайтынын білмеймін», – деді Татауров ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.

Қазақстандағы «Челленджер» сериясының турнирі 7–11 қазан аралығына жоспарланған. Дикиджидің жарысқа қатысуы Ресейдің мәнерлеп сырғанау федерациясының шешіміне байланысты болады.

Сонымен қатар ресейлік спортшы Шэньчжэньдегі Гран-при кезеңіне шақырту алды. Дикиджи қосалқы қатысушылар арасындағы кезектілікке сәйкес жарысқа қатысушылар тізіміне енгізілді. Қытайдағы жарыс 6–8 қараша аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или