Еревандағы мұз шоуы кейінге шегерілді: қазақстандық чемпион да қатысады

Еревандағы мұз шоуы кейінге шегерілді: қазақстандық чемпион да қатысады

Армения астанасы Ереванда 11 шілдеге жоспарланған әйгілі мәнерлеп сырғанау жұлдыздарының мұз шоуы кейінге шегерілді. Бұл өзгеріс қазақстандық Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың қатысуына да әсер етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шараның кейінге шегерілуіне техникалық және ұйымдастырушылық қиындықтар себеп болған. Шоудың жаңа өтетін күні кейінірек жарияланады.

Еске салсақ, мұз шоуына ресейлік Аделия Петросян, француз Олимпиада чемпиондары Лоранс Фурнье-Бодри мен Гийом Сизерон, қазақстандық Михаил Шайдоров және басқа да танымал мәнерлеп сырғанаушылар қатысуы тиіс. 

Айта кетелік, кештің жүргізушісі ретінде әлемнің екі дүркін чемпионы Евгения Медведева жарияланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или