Шайдоровтың жеңісі маусымдағы ең жарқын оқиға атанды
Мұздағы биден Олимпиада чемпионы Наталья Бестемьянова қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың Олимпиада-2026 алтынын маусымдағы ең жарқын оқиға ретінде бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, ерлер арасындағы турнир көпшілік үшін күтпеген нәтижемен аяқталды. Сарапшылар басты фаворит ретінде америкалық Илья Малининді көргенімен, жарыста жеңісті дәл Шайдоров иеленді. Ал фавориттердің бірі саналған Малинин сегізінші орынмен шектелді.
Еске салсақ, Михаил Шайдоров Миланда өткен Олимпиада ойындарында 291,58 ұпай жинап, Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алғашқы Олимпиада алтынын әкелді.
Айта кетелік, сонымен қатар бұл елдің қысқы Олимпиададағы 1994 жылдан бергі алғашқы алтын жүлдесі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или