Қазақстандық шаңғышылар Швейцариядағы халықаралық жарыстарда өнер көрсетті

Қазақстандық шаңғышылар Швейцариядағы халықаралық жарыстарда өнер көрсетті

Швейцарияның Айнзидельн қаласында Халықаралық шаңғы және сноуборд федерациясының (FIS) ұйымдастыруымен трамплиннен шаңғымен секіруден халықаралық жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық шаңғышылар әйелдер арасында құрлықаралық кубок, ал ерлер арасында FIS кубогы кезеңдерінде өнер көрсетті.

Әйелдер арасындағы жарыстың қорытындысы:

Бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы сапындағы үздік нәтижені Алена Свириденко көрсетті. Ол 21-орынға тұрақтады. Виктория Рулева 42-орын, Вероника Шишкина 48-орын алды.

Екінші жарыста команда көшбасшысы Вероника Шишкина болды. Ол 44-орынға жайғасты. Рулева 46-орын алса, Свириденко үздік 50 спортшының қатарына енді.

Ерлер құрамасының нәтижелері:

12 қыркүйекте қазақстандықтар арасынан Даниил Калинкин финалдық кезеңге жолдама алып, қорытынды есепте 27-орынға ие болды. Давид Гааль 52-орын, Артём Мешков 56-орын алды.

Келесі күні Қазақстан құрамасы сапындағы үздік нәтижені Никита Девяткин көрсетті. Ол финалдық кезеңге бір қадам жетпей, 31-орынға тұрақтады. Калинкин 35-орын, Мешков 45-орын, ал Гааль 54-орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или