Қазақстандық спортшы әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті
Қазақстандық фристайлшы Жанбота Алдабергенова әлеуметтік желіде тұрмысқа шыққанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшының таңдауы америкалық Джесси Роузға түскен. Жанбота Алдабергенова жариялаған жазбасында: «Қол ұстасып бірге жүруге уәде берген күн» деп жазды.
Мәліметке сәйкес, қазақстандық спортшымен шаңырақ көтеру үшін америкалық азамат ислам дінін қабылдаған.
Еске салсақ, Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан Универсиада жеңімпазы және үш дүркін қола жүлдегер атанған. Сонымен қатар ол Қазақстан намысын үш Олимпиадада қорғады.
2024/25 жылғы маусымнан кейін спортшы жарақатына байланысты мансабын аяқтайтынын мәлімдеген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или