Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Таллиндегі турнирде 13-орын алды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Артур Смағұлов Эстония астанасында өткен Tallinn Trophy 2026 халықаралық турнирінде 13-орын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз еркін бағдарламада 109,51 ұпай жинады. Бұған дейін қысқа бағдарламадағы өнері 61,09 ұпайға бағаланған болатын.
Осылайша, екі бағдарламаның қорытындысы бойынша Смағұлов 170,60 ұпай жинап, жарысты 13-сатыда аяқтады.
Турнирдің жеңімпазы 215,19 ұпай жинаған италиялық Габриэле Франджипани атанды. Күміс медаль канадалық Энтони Парадиге (214,33 ұпай) бұйырса, үздік үштікті Оңтүстік Корея өкілі Хёнгём Ким (213,24 ұпай) түйіндеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или