Михаил Шайдоровтың қандай жарыстарға қатысатыны белгілі болды

Михаил Шайдоровтың қандай жарыстарға қатысатыны белгілі болды

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың жаңа маусымдағы жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ISU мәнерлеп сырғанаудан 2026-2027 жылғы маусымдағы Гран-при кезеңдеріне қатысатын спортшылардың жарыс кестесін жариялады.

Ересектер арасындағы Гран-при додасына Қазақстаннан екі спортшы жолдама алды. Олардың бірі - Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров.

Ол маусымды 23-25 қазан күндері Францияда өтетін Гран-при кезеңінде бастайды. Кейін 6-8 қараша аралығында Қытайдағы кезеңде мұз айдынына шығады.

Ал Софья Самоделкина 29 қазан - 1 қараша аралығында Канададағы, сондай-ақ 13-15 қараша күндері АҚШ-тағы Гран-при кезеңдерінде өнер көрсетеді.

Егер қазақстандық спортшылар қажетті ұпай санын жинай алса, 11-13 желтоқсанда Қытайдың Чунцин қаласында өтетін Гран-при финалына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, бұған дейін Михаил Шайдоровтың жаңа маусымға дайындықты АҚШ-та әйгілі бапкер Рафаэль Арутюнян жетекшілігімен өткізіп жатқаны белгілі болған еді.

ISU тарихи біріктірілген әлем чемпионатын өткізетінін жариялады

Михаил Шайдоровтың келісімшарты жайлы мәлімдеме жасалды

Қазақстандық Олимпиада чемпионы жанкүйерлерге қолдау көрсетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или