Қарағандыда MMA бойынша ел чемпионаты өтеді Қарағандыда MMA бойынша ел чемпионаты өтеді
![Қарағандыда MMA бойынша ел чемпионаты өтеді Қарағандыда MMA бойынша ел чемпионаты өтеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/201131_04e2a2e350e2fde5118ec622d7606230.jpg?v=28665372)
25 ақпан және 1 наурыз аралығында Қарағандыда MMA бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Аталған чемпионат Қарағанды қаласындағы "Жастар" спорт кешенінде өтеді. Оған 16-17, 18-20, 21+ жас санаттарындағы жекпе-жек шеберлері қатысады.
Біріккен ММА федерациясының Instagram парақшасындағы мәліметтерге сүйенсек, жуырда тағы келесі жарыстар өтеді:
2-4 ақпан, Шымкент қаласында MMA бойынша іріктеу чемпионаты;
3-4 ақпан, Астана қаласында MMA бойынша іріктеу чемпионаты (14-15, 16-17, 18-20.21+ жас санаттары бойынша);
3-4 ақпан, MMA аралас жекпе-жек спорт түрлерінен Батыс Қазақстан облысының жарысы;
3, 12 ақпан, Алматы қаласында MMA бойынша іріктеу чемпионаты;
10-11 ақпан, MMA аралас жекпе-жек бойынша Солтүстік Қазақстан облысының ашық чемпионаты.