Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатына құрамын жариялады
12-18 қазан аралығында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың алдын ала тізіміне Қазақстаннан 30 балуан енді. Ұлттық құрама еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Еркін күрес
57 келіге дейін – Еламан Амангелді
61 келіге дейін – Нұрданат Айтанов
65 келіге дейін – Шерхан Абил
70 келіге дейін – Майыс Әлиев
74 келіге дейін – Нұрдәулет Сейілбеков
79 келіге дейін – Ерхан Абил
86 келіге дейін – Абылайхан Үзембаев
92 келіге дейін – Камиль Құруғлиев
97 келіге дейін – Нұрдәулет Бекенов
125 келіге дейін – Әлімжан Сәлімжан
Грек-рим күресі
55 келіге дейін – Арсен Жұма
60 келіге дейін – Айбек Айтбеков
67 келіге дейін – Рамиль Расим
72 келіге дейін – Юсуф Ашрапов
77 келіге дейін – Ақжан Ықыласов
82 келіге дейін – Айбек Каляхмет
87 келіге дейін – Бибарыс Тұрғанбекұлы
97 келіге дейін – Нұрасыл Аманалы
Әйелдер күресі
50 келіге дейін – Лаура Ғаниқызы
53 келіге дейін – Динара Дауылқызы
55 келіге дейін – Шұғыла Өмірбек
57 келіге дейін – Анна Стратан
59 келіге дейін – Виктория Хусаинова
62 келіге дейін – Тыныс Дубек
65 келіге дейін – Жаныл Бекен
68 келіге дейін – Ұлдана Тлеухан
72 келіге дейін – Жібекжан Сабыржанова
76 келіге дейін – Алина Ертостік
Айта кетейік, Біріккен әлем күресі ұйымы (UWW) жариялаған әлем чемпионатына қатысушылардың өтінімдері алдын ала болып саналады және жарыс басталғанға дейін өзгеруі мүмкін.