Грек-рим күресі: Қазақстан ерлер құрамасы Моңғолияда үшінші медалін жеңіп алды

Грек-рим күресі: Қазақстан ерлер құрамасы Моңғолияда үшінші медалін жеңіп алды

Ulaanbaatar Open рейтингтік күрес турнирінде қазақстандық «классикалық» балуан Олжас Сырлыбай 130 келі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін күресті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жақында өткен Қазақстан кубогының үздігі 20 жастағы үнді балуаны Джогиндер Ратимен кездесті. Аса ауыр салмақтағы балуанымыз қарсыласын 10-0 есебімен жеңді.

Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан ерлер құрамасы Ulaanbaatar Open турниріндегі өнерін үш медальмен аяқтады. Бұған дейін Нұрасыл Аманалы (97 келі) күміс, ал Еркебұлан Ардаков (63 келі) қола медаль жеңіп алған болатын.


Күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан 14 медаль еншіледі

Рейтингтік турнирге қатысатын Қазақстан балуандары белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или