Күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды
Қазақстан құрамасы Вьетнамның Дананг қаласында өткен күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 14 медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Еркін күрес
- Әділет Рысбай (71 келіге дейін) жарыс жеңімпазы атанды.
- Мардан Орынбасаров (60 келіге дейін) күмістен алқа тақты.
- Ал Сабыржан Рахатов (51 келіге дейін), Темірғали Мұрат (55 келіге дейін), Әділбек Ерболатов (80 келіге дейін), Нұрислам Айтуған (92 келіге дейін) қола медальға ие болады.
Грек-рим күресі
- Қуанышбек Жаңажол (51 келіге дейін), Мирас Махамбет (65 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.
- Арыстан Темерғали (110 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.
- Әли Алмас (45 келіге дейін), Датқа Лесбек (48 келіге дейін) үшінші орын алды.
Әйелдер күресі
- Інжу Баққожа (46 келіге дейін), Арайлым Көпжасар (53 келіге дейін) күміс медальға ие болды.
- Аянат Мейнамбай (49 келіге дейін) қола жүлде жеңіп алды.
Қазақстандық жас дзюдошылар Азия кубогында 8 медаль еншіледі
Рейтингтік турнирге қатысатын Қазақстан балуандары белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или