Қазақстандық балуан камбэк жасап, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Начын Куулар Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.
Жүлде үшін өткен шешуші белдесуде оның қарсыласы Солтүстік Корея өкілі Ким Кван Джин болды. Кездесудің басы қазақстандық балуан үшін сәтсіз өрбіді. Белдесудің алғашқы бөлігінен кейін Куулар 0:3 есебімен жеңіліп жатты.
Алайда үзілістен кейін жағдай өзгерді. Куулар нәтижелі шабуылдар жасап, бірден жеті ұпай еншіледі. Ал қарсыласы оған небәрі екі ұпаймен жауап берді. Нәтижесінде қазақстандық балуан 7:5 есебімен жеңіске жетіп, қола медальды иеленді.
Кууалардың қола жүлдесі — 2026 жылғы Азия ойындарындағы ерлер арасындағы еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржынына түскен кезекті медаль.