Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды

Қазақстандық балуан, әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп, жарысты аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін 22 жастағы қазақстандық балуан іріктеу кезеңінде ресейлік Абдулрашид Садулаевпен кездесті. Қарсыласы — Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы және әлем чемпионаттарының алты дүркін жеңімпазы.

Тартысты белдесу 4:1 есебімен Садулаевтың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылы әлем чемпионы атанып, тарихқа енген. Сондай-ақ оның құрлықтық біріншіліктерде үш күміс медалі бар.

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты Астанада 1 қарашаға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама