Александр Бублик Монпелье турнирінде камбэк жасап, жарыстың ширек финалына жолдама алды
![Александр Бублик Монпелье турнирінде камбэк жасап, жарыстың ширек финалына жолдама алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/201131_0c28d81dcfce35529bb76a72d57bc171.jpg?v=28700639)
Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Бұдан екі жыл бұрын осы жарыста үздік шыққан қазақстандық теннисші биыл доданың 2-ракеткасы болып тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Турнирді екінші айналымнан бастаған Александр дүниежүзілік рейтингіде 137-орында тұрған канадалық Денис Шапаваловпен шеберлік байқасты.
Канадалық теннисші кезінде рейтингіде 10-орынға дейін көтерілген ойыншы еді. Сондықтан ойын аса тартысты өтіп, бірінші партияда Шаповалов шыдатпады – 6:1.
Екіншісінде тай-брейкте Бублик қарымта қайырды – 7:6 (14:12).
Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті – 3:0. Ақыры матчты жеңіспен түйіндей алды – 6:3.
Александр Бублик жартылай финалға өту үшін отандасы, әлемнің 59-ракеткасы Александр Шевченко немесе рейтингіде 104-сатыдағы франциялық Грегуар Баррердің біреуімен кездеседі.