Милад Карими Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды
Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы еркін жаттығу бойынша финал өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық гимнаст Милад Карими 14,600 ұпай жинап, екінші орынға ие болды және құрлықтық додада күміс медаль жеңіп алды.
Алтын жүлдені 14,666 ұпай жинаған Филиппиннің Олимпиада чемпионы Карлос Юло иеленді. Жапониялық гимнаст Сёма Цукияма 14,566 ұпаймен қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласы мен Айти префектурасында өтеді.
Азия ойындарына 43 спорт түрінен 468 жарыс бағдарламасы бойынша шамамен 15 мың спортшы қатысып жатыр. Байрақты додада 45 Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері өнер көрсетуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или