Алматыда спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионатының финалы өтті
Алматыда ерлер арасында спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс қорытындысы бойынша спортшылардың көпсайыстағы және жекелеген гимнастикалық снарядтардағы үздіктері анықталды.
Көпсайыстағы басты титулды Алматы қаласының өкілі Ильяс Азизов жеңіп алды. Ол барлық снарядтағы көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша 80,599 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Күміс медальді Павлодар облысының спортшысы Нұрттан Идрисов иеленді. Оның қорытынды нәтижесі 80,598 ұпай болды. Яғни жеңімпаздан небәрі 0,001 ұпайға қалып қойды. Қола жүлде тағы бір Павлодар облысының өкілі Роман Хегайға бұйырды. Ол 79,066 ұпай жинады.
Жекелеген снарядтар бойынша жүлдегерлер:
Еркін жаттығулар
Нұрттан Идрисов (Павлодар облысы)
Асан Салимов (Алматы)
Милад Карими (Алматы)
Ат снаряды
Дияс Тойшыбек (Шымкент)
Зейнолла Идрисов (Алматы)
Роман Хегай (Павлодар облысы)
Сақиналар
Нұрттан Идрисов (Павлодар облысы)
Роман Маментов (Павлодар облысы)
Артем Ковалев (Павлодар облысы)
Тіреп секіру
Асан Салимов (Алматы)
Алтынхан Темірбек (Шымкент)
Фарух Набиев (Шымкент)
Нұрттан Идрисов (Павлодар облысы)
Қоссырық
Роман Хегай (Павлодар облысы)
Ильяс Азизов (Алматы)
Әлішер Тойбазаров (Шымкент)
Кермеде жаттығу
Фарух Набиев (Шымкент)
Алтынхан Темірбек (Шымкент)
Семург Каримов (Шымкент)