Қазақстандық гимнасшылар Олимпиада-2028 жолдамасы үшін бақ сынайды

Қазақстандық гимнасшылар Олимпиада-2028 жолдамасы үшін бақ сынайды

Қазақстан спорттық гимнастикадан ұлттық құрамасы 17-25 қазан аралығында Нидерландтың Роттердам қаласында өтетін әлем чемпионатында Олимпиада-2028 жолдамалары үшін күреседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемдік додада Қазақстан намысын алты гимнасшы қорғайды. Ұлттық құрама сапына Нариман Құрбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ілияс Әзизов, Нұртан Идрисов және Роман Хегай енді.

Бұл турнирдің маңызы зор, өйткені ол Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңін бастайды. Роттердамдағы әлем чемпионатында төрт жылдықтың басты додасына алғашқы командалық жолдамалардың иелері анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или