Бокс

Бокстан 2024 жылы Қазақстанда өтетін маңызды жарыстар тізімі жарияланды

Бокстан 2024 жылы Қазақстанда өтетін маңызды жарыстар тізімі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Азия бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі 2024 жылы Қазақстанда өтетін турнирлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

2024 жылы Қазақстанда бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Турнир қыркүйектің аяғы мен қазан айының басына жоспарланған. 

Қазақстандағы беделді турнирлердің бірі «Елорда кубогі» маусым айында ұйымдастырылады. 

Сондай-ақ, 2024 жылы Сағадат Нұрмағамбетов мемориалы, Вахитовский турнирі, Шоқыр Бөлтекұлы мемориалы, Абдалиев мен Ғалым Жарылғапов мемориалдары өз жеңімпаздарын анықтайды. 

Жастар арасында өтетін жарыстар қатарында Бекзат Саттарханов мемориалы, Жетісу кубогы, Әйтеновтер мемориалы, Серіков мемориалы, Сафин мемориалы мен Хайрутдиновті еске алуға арналған турнир бар. 

Биылдан бастап Галиб Жафаров пен Ділдәбековтің жүлдесіне арналған бокс додасы ұйымдастырылады. Серік Сәпиевтің жүлдесі үшін өтетін турнир де жас таланттарға мүмкіндік болмақ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер