ММА

Қазақстандық файтердің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық файтердің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

9 ақпанда Мәскеуде өтетін ACA 170 турнирінде жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық ММА файтері Бағдос Олжабай бразилиялық Луис Лаурентиномен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы Олжабай кейінгі рет жекпе-жегін 2023 жылдың қыркүйегінде Alash Pride 89 турнирі аясында бразилиялық Дилено Лопеске қарсы өткізген.

Бұл текетірес барлық бөлінген үш раундтан өтіп, Бағдос төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен. Оның 15 жеңісі мен төрт жеңілісі бар.

Айта кетейік бастапқыда бразилиялық Давлатманд Чупоновпен жұдырықтасуы керек еді, бірақ файтер жарақатына байланысты турнирден шығып қалды.
Лаурентиноның кәсіпқой ММА-дағы рекорды 36-0-5.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер