русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингтегі жеке рекордтарын жаңартты

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингтегі жеке рекордтарын жаңартты

Қазақстандықтар Әмір Омарханов пен Денис Евсеев ATP және ITF Juniors рейтингтерінде айтарлықтай жетістіктерге жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Junior Australian Open турнирінде сәтті өнер көрсеткен қарағандылық Әмір Омарханов ITF Juniors рейтингінде 16-орынға көтерілді. Бұл біздің жігіттер арасындағы ең жақсы нәтиже. Бұған дейін қазақстандық теннистен ешкім әлемдік рейтингте мұндай биікке көтеріле алмаған. Естеріңізге сала кетейік, Әмір Juniors Australian Open турнирінде ширек финалға шыққан болатын.

ATP рейтингінде алматылық Денис Евсеев 176-орынға көтерілді. Бұл қазақстандықтың мансабындағы ең жақсы нәтиже.

3-4 ақпанда Аргентинаның Росарио қаласында Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде Аргентинаға қарсы ойнайды, онда біздің команданың бірінші ракеткасы Денис Евсеев болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;