Бокс

«Әлемдегі үздік боксшы». Әлімханұлы жыл аяғына дейін тағы бір титул алады

«Әлемдегі үздік боксшы». Әлімханұлы жыл аяғына дейін тағы бір титул алады
news-banner7
mobile-news-top

MJA Entertainment промоушенінің басқарушы директоры Майк Альтамура Prosports.kz тілшісіне қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 2024 жылы тағы бір титул жеңіп алуы мүмкін екенін айтты.

«Егер Майкл Зерафа 30 наурызда Эрисланди Лараны жеңсе, WBA чемпионы жыл аяғына дейін белбеулерді біріктіреді деп үміттенеміз. WBC титулы Джермалл Чарло және Карлос Адамеспен байланысты, ірі коммерциялық ұсыныс болмаса, PBC мен Top Rank келісімге келуі екіталай. Менің ойымша, Жәнібек Әлімханұлы 160 фунт салмақтағы әлемдегі ең үздік боксшы, бірақ, өкінішке орай, бұл салмақтағы элиталық боксшылар онымен жекпе-жек өткізбеуді немесе салмағын жоғарылатуды әдетке айналдырып алды. Бұл Бернард Хопкинстің Феликс Тринидадпен жекпе-жекке жеткенге дейін 160 фунтта үстемдік құрғанын еске түсіреді», - деді сарапшы.

Қазір Жәнібек Әлімханұлында (15-0, 10 КО) WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы бар. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер