«Барселона» жаңа бапкерінің есімі белгілі болды

Спорт журналисі Кристиан Фальк "Барселона" футбол клубының жаңа бапкері кім болуы мүмкін екенін жазды.
<span>Журналист Кристиан Фальктің ақпаратына сүйенсек, "Барселонаның" бапкері қызметіне "Бавария" футбол клубының бұрынғы жаттықтырушысы Ханс-Дитер Флик тағайындалуы мүмкін. Кристианның айтуынша, "Барселонаның" президенті Жоан Лапорта 2021 жылы Фалькті бапкер болуға шақырған көрінеді. Бірақ неміс маманы бас тартқан. Кейін Жоан Лапорта Хавиді бапкер етіп тағайындаған.</span>
"Ханс Флик – Хавидің орнын басатын жақсы үміткер. Президент Жоан Лапорта оның кандидатурасын ұсынып отыр. Германия құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы жазда жұмысқа кірісуге дайын, оны шетелдік лига қызықтырады", – деп жазды Кристиан Фальк.
<br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или