Әлем футболы

«Барселона» маусым соңында бас бапкерін ауыстырады

«Барселона» маусым соңында бас бапкерін ауыстырады
news-banner7
mobile-news-top

Каталондық "Барселона" бас бапкерін ауыстыруы мүмкін. Журналист Андриан Санчес әлеуметтік желі арқылы хабарлағандай, Хави Эрнандес Испания Суперкубогының финалында "Реалдан" жеңілгеннен кейін (1:4) қызметінен босатылуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, Хави отставкаға кететін болса, «Барсаның» бапкері қызметіне қазір каталондық клубтың екінші командасында жұмыс істейтін Рафаэль Маркес келеді.

Испания чемпионатында «Барселона» 41 ұпаймен үшінші орында тұр. Команда көш бастап тұрған «Жиронадан» сегіз ұпайға қалып қойды. Чемпиондар лигасында каталондықтар плей-офф кезеңіне шықты, онда команда «Наполимен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер