русский язык

Дмитрий Парфенов: Командамен танысып, тактикалық жұмыс жүргіздік

«Ақтөбе» футбол командасының бас жаттықтырушысы Дмитрий Парфенов Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Жоспарымыз толық жүзеге асты. Бастапқыда командамен таныссақ, кейін тактикалық жұмыс жүргіздік. Барлық жүкті ойыншыларға бірден артып қоя салмай, кезең-кезеңмен жұмыс істеуге тырыстық. Ойыншылар барын салды және ең қуантарлығы бұл - қайсар команда екен. Және жас аяқдопшылар да керек тәжірибені алғаны біз үшін қуаныш.
Оқу-жаттығу кезіндегі соңғы ойынды айтар болсақ, алғашқы таймды жақсы өткіздік деп айта аламын. Айтылған қадамдарды жүзеге асыруды әлі де шыңдауымыз керек. Екінші таймға аса көңіл томайды. Қазіргі уақытта келісім жүргізіліп жатқан жаңа ойыншылар командамыздың сапасын арттырады деген үміттемін», – деді Парфенов клубтың баспасөз-қызметіне берген сұхбатында.

2023 жылдың желтоқсан айында Дмитрий Парфенов «Ақтөбе» командасының бас жаттықтырушысы атанған еді. Ол бұл қызметте «Елімай» клубына ауысқан Андрей Карповичтің орнын басты. Парфенов бұрын «Родина», «Арсенал», «Текстильщик», «Тосно» және «Урал» сынды ресейлік командаларда жұмыс істеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;