Жеңіл атлетика

Әмин Тұяқов атындағы жеңіл атлетика турнирінің жеңімпаздары анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Астана қаласында алғаш рет өткен Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, жарысқа 45 елден 136 спортшы қатысты.

Оның ішінде 4 Олимпиада чемпионы, 10 әлем чемпионы, 3 Еуропа чемпионы, 1 Азия чемпионы болды.

Атап айтсақ, турнирге сырықпен секіруден Токио Олимпиадасының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы, тағы күміс жүлдегері, қазіргі әлем рекордының иесі (6,23 м) Арман Дуплантис (Швеция) қатысты.

200 метрге жүгіруде Гауһар лига финалының жеңімпазы Андре де Грасс (Канада), 100 метрге кедергі арқылы жүгіруден әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ниа Али, 100 метрге кедергі арқылы жүгіруден әлем чемпионы Тоби Амусан секілді жеңіл атлетика жұлдыздары да бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша чемпион атанған спортшылар көктемде Глазгода (Шотландия) өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына тікелей жолдама алды.

Жарыс жеңімпаздары:

Ерлер

Сырықпен секіру
SE Арманд Дуплантис — 5.80 метр

Ядро лақтыру
GB Скотт Линкольн — 20.81 метр

60 м жүгіру
US Демек Кемп — 6,55 секунд

60 м кедергімен жүгіру
CN Жунхю Лю — 7.58 секунд

400 м жүгіру
ES Инаки Канал — 46.36 секунд

3000 м жүгіру
ET Самуэл Тефера (Эфиопия) — 7:33.80

Әйелдер

Биікке секіру
SE Урте Байкстайт — 1.92 метр

Ұзындыққа секіру
RS Милиса Гардасевич — 6.45 метр

60 м жүгіру
BS Антоник Страчан (Багам аралы) — 7.21 секунд

60 м кедергімен жүгіру 
NG Тоби Амусан — 7.77 секунд

400 м жүгіру
PT Катиа Азеведо — 52.64 секунд

1 миль (1,6 км) жүгіру
ET Дирибе Уелтежи (Эфиопия) — 4:23.76

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер