Рита Бакишева виртуалды таеквондодан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Рита Бакишева виртуалды таеквондодан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасының өкілі Рита Бакишева отандық спорт тарихында жаңа жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бакишева Азия ойындарының бағдарламаcына алғаш рет енген инновациялық спорт түрі — виртуалды таеквондодан қола медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы жарысты 1/8 финалдан бастап, Иордания өкілі Мұхаммад Әл-Адарбиді сенімді түрде жеңді.

1/4 финалда Бакишева жеңісті жолын жалғастырып, Үндістан спортшысы Кашиш Маликтен басым түсті.

Финалға бір қадам қалғанда Рита Филиппин өкілі Джус Габриэль Дерик Япемен тартысты жекпе-жек өткізді. Қазақстандық спортшы қарсыласына 0:2 есебімен жол беріп, жарысты құрметті үшінші орынмен аяқтады және ұлттық құраманың қоржынына қола медаль қосты.

Азия ойындары виртуалды таеквондо үшін дебюттік алаңға айналды. Бұл спорт түрінде атлеттер VR гарнитуралары мен арнайы қозғалыс датчиктерін пайдаланып жарысады. Құрылғылар әрбір шабуыл мен тосқауылды цифрлық кеңістікке жеткізеді. Форматта спортшылар бір-біріне тікелей физикалық әсер етпейді, сондықтан мұнда найзағайдай жылдам реакцияға, дәлдікке және байланыссыз тактикаға басымдық беріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или