Kazakhstan Open: Қазақстан жастар құрамасы 27 жүлде жеңіп алды
Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы Астана төрінде өтіп жатқан Kazakhstan Open халықаралық турнирінде бірінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ел спортшылары 5 алтын, 6 күміс және 16 қола медаль жеңіп алып, барлығы 27 жүлде еншіледі.
Екінші орынға Түркия, үшінші орынға Ресей құрамасы тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін ересектер арасындағы жарыста Қазақстан 3 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп, жалпы есепте екінші орынға жайғасқан еді.
Бүгін, 27 маусымда жасөспірімдер арасында жарыстар өтуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или