Таеквондо: Қазақстандағы ірі турнирге әлем үздіктері келеді

Таеквондо: Қазақстандағы ірі турнирге әлем үздіктері келеді

25-26 маусым күндері Астана қаласы таеквондодан KAZAKHSTAN OPEN 2026 халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

G-1 санатындағы бұл жарыс биылғы маусымдағы ең маңызды додалардың бірі болмақ. Екінші рет ұйымдастырылып отырған турнирге Олимпиада ойындарының чемпиондары, әлем және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары қатысады. Олардың қатарында Эмине Гёгебакан, Георгий Гурциев, Хакан Речбер, Пак Тхе Джун, Мохамед Халил Джендуби сынды атақты спортшылар бар.

Беделді жарыста Қазақстан құрамасының көшбасшылары Бейбарыс Қаблан, Батырхан Төлеуғали, Айдана Құмартаева, Самирхон Абабакиров, Нодира Ахмедова және Тамирлан Тлеулес те ел намысын қорғайды.

Әлемдік деңгейдегі спортшылар мен талантты жас таеквондошылар бас қосатын дода жанкүйерлерге қызықты жекпе-жектер мен ерекше спорттық атмосфера сыйламақ.

Астанада Altaic Taekwondo Championships турнирі өтеді

World Taekwondo өкілдері жұмыс сапарымен Астанаға келді

Таеквондодан ұлттық құрама бапкері Азия чемпионатын қорытындылады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или