1XBET - ставки на спорт

Қазақстандық таэквондошы ару Оңтүстік Кореяда қола жеңіп алды

Қазақстандық таэквондошы ару Оңтүстік Кореяда қола жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошы Айдана Құмартаева Кореяның Муджу қаласында өткен әлемдік Гран-при сериясының беделді кезеңінде қола медаль жеңіп алды. Спортшы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құмартаева жүлдеге жету жолында бірнеше қарсыласын жеңді. Алғашқы жекпе-жекте германиялық Супхарада Атеслиден басым түсіп, кейін Коста-Рика өкілі Джейси Бассетті ұтты.

Ширек финалда қазақстандық спортшы франциялық Мах Тенинбу Фофананы 2:0 есебімен жеңіп, жүлдеге кепілдік берді.

Жартылай финалда Айдана Құмартаева Қытай Тайбэйінің өкілі, әлем чемпионы Лю Ю-юнмен кездесті. Қазіргі әлем чемпионы 2:0 есебімен жеңіске жетіп, қазақстандық таеквондошының финалға шығуына жол бермеді.

Осылайша, Айдана Құмартаева Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или