Еуропалық легионер «Тобылдан» кетуге жақын

Еуропалық легионер «Тобылдан» кетуге жақын

Шабуылшы Момчило Мркаич «Тобылдан» кетуге жақын, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

33 жастағы футболшы қостанайлық команданың қосалқы құрамымен жаттығуда көзге түсті, ал негізгі құрам Түркияда оқу-жаттығу жиынында жаттығып жүр. Мркаичің өзі «Тобылдан» кеткісі келмейді.

Түркиядағы бақылау матчтарында шабуылшылардың аздығын ескерсек, қостанайлық бапкерлер штабы Мркаичқа мүмкіндік беруі әбден мүмкін.

Өткен маусымда Момчило Мркаич «Тобыл» сапында 11 ойын өткізіп, бір гол соққан. Бұған дейін ол сербиялық және босниялық клубтарда ойнаған, оның ішінде «Земун», «Зриньски», «Воеводина», «Борак» және т.б командалар бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или