Әлем футболы

«Бавария» жазда бапкерін қызметінен босатқысы келеді

«Бавария» жазда бапкерін қызметінен босатқысы келеді
news-banner7
mobile-news-top

«Бавария» бас бапкері Томас Тухельді осы маусымның соңына дейін жұмыстан шығаруды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Журналист Керри Хаудың мәліметінше, мюнхендік клубтың басшылығы мен ойыншылары 50 жастағы маманның кәсіби қасиеттеріне күмән келтірмейді. «Бавария» қазіргі уақытта Тухелге толық сенім артады. Бірақ жазда неміс маманы клубтан кетсе, клуб «Байер» бапкері Хаби Алонсоны шақыру мүмкіндігін қарастырады.

Тухель «Баварияны» былтыр наурыз айынан бері басқарып келеді. Сол кезде маман бұл қызметтен босатылған отандасы Юлиан Нагельсманды алмастырды. Тухель мюнхендік командамен 2022/2023 жылғы маусымда Бундеслиганы жеңіп алды.

Қазіргі уақытта «Бавария» Бундеслиганың 18 матчынан кейін 44 ұпаймен екінші орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер