русский язык
Әлем футболы

Мбаппе «Реалдан» қанша жалақы сұрағаны белгілі болды

Мбаппе «Реалдан» қанша жалақы сұрағаны белгілі болды

Франция және ПСЖ құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе «Реалда» бір маусымда 70 миллион еуро табыс тапқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Bild хабарлауынша, қазір Мбаппе мен мадридтік клуб арасында ойыншының жалақысына қатысты келіссөздер жүріп жатыр.

Сондай-ақ «Реал Мадрид» басшылығы Мбаппеге мұндай ақшаны төлеуге дайын емес, испандар Килианға маусымына небәрі 35 миллион еуро ұсынады.

Айта кетейік, бұған дейін Мбаппенің париждік клубтан кетіп, мадридтік «Реалмен» келісімшартқа отыруға шешім қабылдағаны белгілі болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;