русский язык

Сағи Советтің клуб ауыстырғаны ресми жарияланды

Сағи Советтің клуб ауыстырғаны ресми жарияланды

Астаналық «Жеңіс» қазақстандық қорғаушы Саға Советтің ауысқаны туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жеңіс» Instagram желісіндегі ресми парақшасында 23 жастағы футболшының командаға қосылғанын мәлімдеді.

Совет соңғы уақытқа дейін «Астана» сапында болды, ол жерден «Арыс», «Мақтаарал» және «Оқжетпес» сияқты клубтарға жалға берілді.

Айта кетейік, Жамбыл облысының тумасы да бұған дейін Қазақстанның жасөспірімдер мен жастар құрамаларында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;