Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатына қатысады

Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатына қатысады

28 қазанда Бахрейн астанасы Манама қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы семсерлесуден Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы қарудың барлық түрі бойынша сынға түседі.

Шпага: Кирилл Проходов, Богдан Лукин, Георгий Тинников, Михаил Кузьмин, Каролина Фомина, Наталья Зинякова, Мария Лесовская, Полина Лесовская.

Қылыш: Қуаныш Ерғашбай, Қайназар Нұрқатұлы, Бексұлтан Абжал, Ерхан Қараман, Қайша Жәнібек, Полина Ко, Диляра Исабекова, Әдемә Серікбай.

Рапира: Ғалым Нұрумов, Тимофей Семенов, Мансұр Естеу, Евгений Токанов, София Ақтаева, Алёна Гноева, Алина Искандерова, Ксения Андреева.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 2 қарашада аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама