Қазақстандық семсерлесушілер Әлем кубогына қатысады

Қазақстандық семсерлесушілер Әлем кубогына қатысады

Қазақстанның семсерлесуден шпагамен өнер көрсететін құрамасы 15-18 қазан аралығында Касабланкада (Марокко) өтетін Әлем кубогының кезекті кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Қазақстандық семсерлесушілер ерлер және әйелдер арасында жеке және командалық жарыстарда бақ сынайды.

Ерлер арасындағы жеке сайыста ел намысын Нұржан Абжанов, Эльмир Алимжанов, Александр Федотов, Алексей Касаткин, Ансар Қасен, Руслан Құрбанов, Богдан Лукин, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов және Георгий Тинников қорғайды.

Әйелдер арасындағы жеке сайысқа Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, Софья Николайчук және Дарья Самоделкина қатысады.

Командалық жарыста ерлер құрамасы сапында Руслан Құрбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов өнер көрсетеді. Әйелдер құрамасына Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, Софья Николайчук және Дарья Самоделкина енді.

Айта кетейік, Қазақстанның ерлер арасындағы шпагамен семсерлесу құрамасы 2026 жылды сәтті өткізді. Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында, әлем чемпионатында және Азия ойындарында жеңімпаз атанды. Жапонияда өткен Азия ойындарында команда алтын медаль иеленсе, Кирилл Проходов жеке сайыста күміс жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или