Қазақстандық семсерлесуші жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты
Қазақстандық семсерлесуші Айбар Қайым Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, қазақстандық спортшы қылышпен семсерлесуден жартылай финалда сингапурлық Эштон Оумен кездесті.
Тартысты өткен жекпе-жекте Айбар Қайым қарсыласын 15:13 есебімен жеңіп, алтын медаль үшін таласуға мүмкіндік алды.
Енді отандасымыз шешуші кездесуде жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атану үшін бақ сынайды.
Финалдық жекпе-жек 13 қарашаға жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или