«Екінші жол бар»: Қазақстан Еуропа чемпионатына қалай жолдама алады?
Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі арқылы жолдама ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Люблянада өткен соңғы ойында Қазақстан Словениядан 1:2 есебімен ұтылды. Осылайша, Н тобынан Дания мен Словения құрамасы Еуро-2024 турниріне жолдама алды.
Дегенмен Қазақстан құрамасының Германияға баратын тағы бір мүмкіндігі бар. Магомед Адиев шәкірттері Ұлттар лигасы С дивизионының плей-офф кезеңінде бақ сынайды. Жартылай финалда Қазақстан Грекия құрамасымен ойнайды. Ал екінші жартылай финалда Грузия мен Люксембург кездеседі.
Жартылай финал 21 наурызда, финал 26 наурызда өтеді. Магомед Адиев шәкірттері сырт алаңда Грекия құрамасымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или