Бокс

Батыр Жүкембаев Кроуфордпен спарринг өткізгенін айтты

Батыр Жүкембаев Кроуфордпен спарринг өткізгенін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (21-1, 16 КО) жартылай орта салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы америкалық Теренс Кроуфордпен (40-0, 31 КО) бірге өткізген жаттығу жиыны мен спарринг жайлы айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Кроуфорд  нағыз еңбекқор. Оны қатты құрметтеймін. Ол тамаша боксшы және чемпион ғана емес, жақсы адам. Ол әрқашан көп жұмыс істейді, ешқашан босаңсымайды. Онымен спарринг өткізу  керемет тәжірибе. Онымен спаррингтен кейін боксты жақсы түсіне бастадым десем болады (күлді)», - деді Батыр.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев 13 желтоқсанда Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) келесі жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы француз боксшысы Мохамед Мимун (23-5, 4 КО) болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0