русский язык
ММА

Рахмоновтың қатысуымен өтетін UFC 296 турнирінің негізгі карды жарияланды

Рахмоновтың қатысуымен өтетін UFC 296 турнирінің негізгі карды жарияланды

UFC жекпе-жек промоушені 17 желтоқсанға қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 296 турнирінің негізгі кардын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетейік, негізгі жекпе-жекте ұйымның жартылай орта салмақтағы чемпионы (77 келіге дейін) ұлыбританиялық Леон Эдвардс америкалық Колби Ковингтонмен кездеседі.

Тағы бір басты кездесуде жеңіл салмақтағы (57 келі) бразилиялық Александр Пантожа америкалық Брэндон Ройвалға қарсы жекпе-өткізеді.

Айта кетейік, бұл UFC-дің 2023 жылғы соңғы ивенті болады.

UFC 296. Басты кард:

Леон Эдвардс (Ұлыбритания) — Колби Ковингтон (АҚШ);

Алешандре Пантожа (Бразилия) – Брэндон Ройвал (АҚШ);

ШАВКАТ РАХМОНОВ (Қазақстан) – Стивен Томпсон (АҚШ);

Тони Фергюсон (АҚШ) – Пэдди Пимблетт (Ұлыбритания);

Висенте Луке (Бразилия) – Иан Гарри (Ирландия).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;