«Барыс» шабуылшысы ҚХЛ-да күннің үздік ойыншысы атанды

Елордалық «Барыстың» хоккейшісі Батырлан Мұратов «Северстальға» қарсы ойында сәтті өнер көрсеткеннен кейін Құрлықтық хоккей лигасында керемет жетістікке жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кетейік, кеше қазақстандық клуб «Северсталь» (Череповец) командасын 4:1 есебімен жеңген болатын. Бұл кездесуде Батырлан Мұратов дубль жасады.
«Барыстың» шабуылшысы Батырлан Мұратов мансабындағы ең үздік матчын өткізіп, алғаш рет 4 ұпай жинады. (ҚХЛ-дағы алғашқы дубль), Жанкүйерлердің 10% дауысын жинап, ҚХЛ күнінің үздік ойыншысы атанды! – деп жазады баспасөз қызметі.