«Барыс» ҚХЛ матчында қытайлық клубтан ұтылды

Астананың «Барысы» ҚХЛ-дағы ойында Бейжіңнің «Кунлун Ред Стар» командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші кезеңде Кирилл Савицкийдің соққысынан кейін алаң иелері есеп ашты. Алайда үшінші 20 минутта қытайлықтар ойынды өх пайдасына шеше білді – Брэндон Макмиллан мен Кайл Вуд гол соқты. Нәтижесінде 1:2.
Естеріңізге сала кетейік, 12 қарашада «Барыс» өз алаңында Череповецтің «Северсталь» командасын қабылдайды.
«Барыс» қатарынан үшінші жеңіліске ұшырап, 23 ұпаймен Шығыста 11-орында тұр.
«Барыс» (Астана) - «Куньлун Ред Стар» (Пекин) 1:2 (1:0, 0:0, 0:2)
1:0 - Савицкий (Бекетаев, Шестаков) - 10:09
1:1 - Макмиллан (Меркли) - 48:34 ГБ
1:2 - Вуд (Рич) - 56:27
Қақпашылар: Паскуале (Шутов, 56:27 - 56:48) - Смит