«Астананың» ВТБ Бірегей лигасындағы матчы сенсациямен аяқталды

Астанада ВТБ Бірегей лигасы тұрақты чемпионатының матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елордада өткен матчта «Астана» өз алаңында «Локомотив-Кубань» командасын жеңді.
Кездесу 78:68 (20:24, 25:23, 26:4, 17:17) есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды.
«Астана» командасында ең нәтижелі ойыншы Маркелл Джонсон болды, ол 15 ұпай жинады. Ал «Локомотив» сапында үздік нәтижені Окаро Уайт (19 ұпай) көрсетті.
Осылайша, «Астана» үш жеңіліс сериясын үзіп, ВТБ Бірегей лигасының турнирлік кестесінде 13-орында тұр.