Қайрат Боранбаев бостандыққа шыққаннан кейін «Қайратқа» келді

Қайрат Боранбаев бостандыққа шыққаннан кейін «Қайратқа» келді

«Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Т.С. Сегізбаев академиясына келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сапар барысында ол 2007 жылы туған «Қайрат» пен «Зенит» командалары арасындағы С.И.Байшақовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирдің ойынына қатысты. Ойыннан кейін Қайрат Советайұлы жас футболшылармен тілдесіп, оларға сенім білдіріп, оларға үлкен табыс пен негізгі құрамға шығуын тіледі», - деп жазады Қайраттың Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қарашада Қайрат Боранбаевтың түрмеден босап, оның өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылғаны белгілі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или