Боксшы Махмұд Сабырханның інісі әлем чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан жастар арасында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатының ақтық сынына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына<span> сілтеме жасап. </span>
<span>Жартылай финалдық бәсекеде Төрехан Сабырхан 63,5 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, Иорданиялық Омар Әл Хадидиден айласын асырды. Отандасымыз үш раунд қорытындысы бойынша айқын басымдылықпен жеңіске жетті. </span>
<span>Осыған дейін Төрехан Сабырхан алғашқы айналымда Иран елінің боксшысы Сейедалиакбар Мирахмадибабахейдариді мерзімінен бұрын жеңген болатын. </span>
<span>Айта кетейік, Астана қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалдық кездесулері 2-4 қараша аралығында өтеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или