«Бешикташ» сапында Бактиер Зайнутдинов жақсы ойынымен көзге түсті

«Бешикташ» сапында Бактиер Зайнутдинов жақсы ойынымен көзге түсті
news-banner7
mobile-news-top

Түркия чемпионатының 10-турында Ыстанбұлда «Бешикташ» «Газиантеп» командасын қабылдады, деп хабарлайды Kazinform.

«Бешикташ» клубы жаңа маусымда Түркия біріншілігінде ғана емес, Конференция лигасында да жанкүйерлер сенімінен шыға алмай келеді.

Біраз ұпай жоғалтып, чемпиондықтан үміткер «Фенербахче», «Галатасарайды» ұзатып алған «Бешикташтың» шегінер жері жоқ еді.

Бұл жолы Қазақстан ұлттық құрамасының орталық қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов бірден алаңға шықты. Бірінші таймда оның екі қауіпті соққысын «Газиантеп» қақпашысы Флорин Ницэ қайтара алды.

Б.Зайнутдинов екінші кезеңде де сол қанатта сәтті қорғанумен қатар шабуылға дер кезінде қосылып отырды.

Кездесудің 63-минутында «Бешикташтан» Салих Учан есеп ашса, 75-минутта Дженк Тосун матчтың нүктесін қойды – 2:0. Ең соңында Б.Зайнутдинов орындаған айып добы қақпадан қиыс кетті.

Осы ойыннан кейін 19 ұпай жинаған «Бешикташ» турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Көш басындағы «Фенербахченің» 30, «Галатасарайдың» 28, «Адана Демирспордың» 20 ұпайы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0