Қазақстандық конькиші Канада Гран-приінде еркін бағдарламада 5-ші болды

29 қазанға қараған түні Ванкуверде (Канада) ISU Skate Canada Гран-при жарысы өтіп, ерлер еркін бағдарламаларын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үздік нәтижені жапондық Сота Ямамото көрсетті. Ол өз өнері үшін 177,09 ұпай және екі бағдарлама бойынша барлығы 258,42 ұпай жинап, турнир жеңімпазы атанды.
Екінші орынды жапондық Као Миура (257,89), үшінші орынды итальяндық Маттео Риццо (246,01) иеленді.
Қазақстандық Михаил Шайдоров бағдарламада 5-орынға ие болды