Тайсон Фьюри нокдауннан аман қалып, Фрэнсис Нганнуды ұпай санымен жеңді

29 қазанға қараған түні (Астана уақытымен) Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) британдық боксшы Тайсон Фьюри мен бұрынғы UFC чемпионы Фрэнсис Нганну бастаған бокс кеші өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек 10 раундқа созылды және Фьюридің 95-94, 96-93, 94-95 есебімен жеңісімен аяқталды.
Камерундық үшінші раундтың соңында қарсыласын нокдаунға жіберді.