«Астананың» Конференция лигасындағы үшінші ойынының тікелей трансляциясы

26 қазанда «Астана» Конференция лигасының топтық кезеңінде үшінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық клуб сырт алаңда Косовоның «Балкани» командасымен кездеседі. Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен 22:45-те басталады, ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, Конференция лигасы тобында өткен екі ойыннан кейін «Балкани» еншісінде үш ұпай бар, «Астанада» әзірге ұпай жоқ.