Жарайсың, Жәнібек! Қазақ боксшысы Техас төрінде қарсыласын сабап тастады

Жарайсың, Жәнібек! Қазақ боксшысы Техас төрінде қарсыласын сабап тастады

15 қазан, жексенбі күні таңертең Розенбергте (АҚШ, Техас штаты) орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) мен IBF белбеуінің иегері неміс Винченцо Гуальтиери (21-0-1, 7 КО) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібек кәсіпқой мансабында қарсыласпен салыстырғанда аз жекпе-жек өткізсе де, алғашқы минуттардан Винченцодан шеберлігі әлдеқайда жоғары екенін байқатты. Он екі раундқа жоспарланған шайқасты тең жартысына келгенде Әлімханұлы техникалық нокаутпен аяқтады. Гуальтеридің шарасын күйін көріп, төреші жекпе-жекті тоқтатып тастады. 

Осылай, Жәнібек орта салмақта екі чемпиондық белбеуге қол жеткізді. 

Естеріңізге сала кетейік, Әлімханұлы өзінің соңғы жекпе-жегінде канадалық боксшы Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта нокаутқа түсірсе, Винченцо Гуальтиери бразилиялық Эскива Фалькаоны (30-1, 20 КО) төрешілер шешімімен ұтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или